Басты бет » ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Ұлытау облысы білім басқармасы Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектебі»   КММ-сі келесі лауазымдар  бойынша бос орынға КОНКУРС жариялайды.

  1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – 1 бірлік (тұрақты),

 еңбекақы мөлшері: 180000-250000тг;

  1. Дефектолог – 1 бірлік (тұрақты), еңбекақы мөлшері: 100000-150000тг.

           ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ
БІЛІКТІЛІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін және соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілін растайтын құжат; оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша “педагог – сарапшы” немесе “педагог – зерттеуші” немесе “педагог–мастер” санатының болуы.

ДЕФЕКТОЛОГ   ЛАУАЗЫМЫНЫҢ  БІЛІКТІЛІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: мамандығы бойынша жоғары білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен түзету жұмыстарын жүзеге асырады. Білім беру ұйымдарында инклюзия қағидаларын дамытады.Білім алушылардың психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылуларына диагностика жасайды, олардың құрылымы мен айқындылық дәрежесін анықтайды. Мұғалімдермен және басқа да мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, бұзылған функцияларды түзету және қалпына келтіру және мүмкіндіктері шектеулі білім алушыларды әлеуметтендіру бойынша топтық және жеке қызметті жүзеге асырады. Балаларға көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану бойынша педагогтарға, білім алушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға кеңес береді.Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады. Арнайы білім беру бағдарламаларын іске асырады.
Бос лауазымдардың мерзімі: белгіленбеген уақытқа.

              Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және төмендегі көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.

             КОНКУРСҚА ҰСЫНЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:
1) “Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы” ҚР БҒМ 21.02.2012 жылғы №57 бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

ҚҰЖАТТАР КОНКУРС ЖАРИЯЛАНҒАН СОҢҒЫ КҮННЕН КЕЙІНГІ КҮННЕН БАСТАП                            7 ЖҰМЫС КҮНІ АРАЛЫҒЫНДА КЕЛЕСІ МЕКЕН-ЖАЙ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАДА НЕМЕСЕ ҚАҒАЗ ТҮРІНДЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ:
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, 100600, Ғарышкерлер бульвары, 52 ғим.
Тел: 8(7102)414844, 87053019367
Эл.пошта: zhez_sh21@mail.ru

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.