Жезқазған қаласы, #21 ЖББМ
2 “А ” сыныбында алғыс айту күніне орай “Шынайы жүректегі алғыс” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Ермаханова Тишжан Елтаевна.
Оқушылардың жанұяға, ата – анаға, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынастарын дамыту.
Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір – бірімен үйлесімді қарым – қатынас жасай білуге үйрету.
Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт – дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
